ГлавнаяӨндеулерВидеолекцияларДемо-нұсқаБайланыс           

 

Мұнда оқытушылардың тарапынан жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар жарияланған.

 

1. Мен электрондық кітап немесе виртуалды лабораториялық (практикалық) жұмыс жасатқым келеді. Ол үшін не істеуім керек?

Ол үшін, электронды басылымды жасатуға арналған 7.19.01 формасындағы қызметтік хат толтыру керек. Қызметтік хаттың үлгісі электронды басылымдарды өңдеудегі әдістемелік нұсқауда (ОҚМУ ӘН 7.19-2009) берілген. Сонымен қатар оны осы сайттың «Негізгі» бетінен басып алуға болады. Қызметтік хатты толтырған соң, оны Оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректордың атына жолдауыңыз қажет. Қызметтік хатқа қол қойылған соң, оны CD-дискіге жазылған материалдармен бірге Контентті өңдеу орталығына әкеліп, өткізу керек. Содан сон сіздің жұмысыңыз электронды басылымдарды тіркеу журналына тіркеліп, өңдеу кезегіне қойылады.

 

2. Электронды басылымды өңдеу үшін материал мәтіні қандай шрифтпен терілуі керек?

ОҚМУ ӘН 7.19-2009 сәйкес мәтін Times New Roman шрифтімен терілуі керек. Алайда Arial және Palatino Linotype шрифтерімен терілген болса ақпарат қатеге саналмайды, себебі бұл шрифттер стандартты болғандықтан, яғни кез-келген операциялық жүйелерде кездеседі, пернетақта арқылы енгізілген барлық таңбалар қатесіз бейнеленеді.

 

3. Электронды құралдағы тест тапсырмасы неше сұрақтан тұруы керек?

Егер оқытушы әрбір тараудан соң қолданушының білімін тексергісі келсе, әр тарау соңындағы сұрақ саны оннан аспау керек. Егер оқытушы барлық материалды игерген соң, алған білімін тексергісі келсе, онда сұрақ саны жүзден аспауы керек.

 

4. Орталық қызметкерлері электрондық кітапқа авторлық құқық алуға құжаттар жіберу үшін не керек?

Барлық авторлардың жеке куәліктерінің көшірмесі (3 дана) және кітаптың қазақ, орыс тілдеріндегі аңдатпасы керек (А4 форматта бір беттен аспауы керек).

 

5. Неге авторлық құқық оқытушыларға ғана емес, орталық қызметкерлеріне де беріледі?

Себебі орталық қызметкерлері оқытушының өңдеуге әкелінген құралының мәтіндік және графикалық ақпаратын пайдалана отырып,  осы құралды арнайы бағдарламада дизайны мен электрондық кітаптың концепциясын дайындап, бағдарламалық кодын жазып, жасап шығарады.

   

Жоба жетекшісі: Колдасова А.С.

Техникалық қолдауы:  Шайдулина А.А.,  Янгибаев Б.А., Мамшетов О.Л.